ҚАЙҒЫЛЫ МАХАББАТ!!! қыз: Сәлем! жігіт: Сәлем! -Қалайсың ерке гүлім? қыз: Сағыныштан жанымда шертеді мұң. -Өзің қалай? Таң атпай не көрінді, Күннен бұрын оянып ерте бүгін? жігіт: Сендегі сағынышқа боп кінәлі, Кешелі ұйықтаған жоқпын әлі! Ұйықтасам, түсіме кіресің де, жоғаласың сағымның боп тұманы. -Таңғы төрт, ұйқысызсың өзің неден? қыз: Мендегі сол сағыныш сезім деген! Құдай қосқан қосағым аман ба деп, Сені ойлап мендағы көз ілмегем. -Неге сонша хабарсыз кеттің жаным? Азайды да үй жаққа кеп тұрғаның? жігіт: Иә білем... Себебі, кешір мені! Сезімімді келмейді еткім жалын. қыз: Сөзің қайда айтатын күліп тегі. Сол сөзіңмен жылатпа, жылыт мені. жігіт: Сөнгендей сезімімнің үміттері, Өтініш, Ұмыт мені... ұмыт мені!? қыз: Неге жаным? Жауаптан қашқақтаман!? сезім қайда кешегі ас батпаған, Сөзің қайда "мәңгі" деп асқақтаған, Көзің қайда сағынып жас қақтаған? жігіт: Кешір мені! Ештеңе сұрамашы!? Мен бүгін бар ғаламды тастап барам! қыз: Сағынышқа жалғау қып жасты арнамай, Бұл қалай? Ашып айтшы, астарламай!? Кеше ғана сезіммен баураған жан, Аяқ асты сүйгенін тастар қалай? жігіт: Ұмыт мені қалмайын есіңде енді, Сезім оты санамды еш үрмеді Ең соңғы күн деп түсін осы күнді, Бақытты бол және де, Кешір мені! қыз: Басқадан мендей жалын табарман боп, Неге сөнді, Айтсаңшы жанардағы от? Автор: -Кешір деумен шектелді, жауап айтпай Содан бері хатта жоқ, хабарда жоқ! ********* Жауап болмай жазылған оған кері, Бір жыл өтті мінекей содан бері! Автор: -Тағдыр оны тосып тұр қақпан құрып, Сол себепті сезімі тапқан былық "Араға бір жыл салып, беріңдер"- деп, Сүйгеніне кетіпті хат қалдырып -Бір жыл өтті өзендей гүрілдеген. Қыз сезімі ешкімге тірілмеген! Қызық көріп сағынып қалды ма деп, Ашты хатты қолымен дірілдеген. жігіт: Сәлем жаным сезімді кем көрмейтін! Біле-біл саған ешкім тең келмейтін! Кеткенімнің себебін айтар болсам, ауыруға шалдықтым емделмейтін. Дей алмаймын мен сені жек көремін, Сенде мені сезімнен шектемедің! Аяқ асты білдім де ауруымды, Сол үшін аяқ асты кеткен едім. Басымнан тайды сол күн есіл бағым, Содан бері жетім жүрек, жесір жаным. Жалған айтып жаныңды жараласам, Кешір мені, Отініш! Кешір жаным! Автор: -Қыз жылады Еріксіз, жас тоқтамай. Сағынышы одан әрмен асқақтад-ай Хат алғалы үш күннің жүзі болды, содан бері ұйқы жоқ, ас батпад-ай. Көңілінде көңілсіз күй қалады, Мезі қылып қу жанын үй қамағы. Әліде тірі деген үмітпенен Үй жағына баруды ұйғарады. О Тоба атқан таңды батырды кім? Кешегі алма бақтар тақыр бүгін. Кешегі ақ аттағы ханзадасы, ақ матаға оранып жатыр бүгін. Естен таңа тұр ару, ақыл қалмай, Сырттай көрді, кіруге батыл бармай. Ең соңғы күн көруге үлгерген ді Ең соңғы рет кездесуге шақырғандай. Жылы жүзден жылы от шашпады нақ. Жылады, қара жерді жастанып ап. Жүрегінен жылады сол себепті, Жанарынан тамбады жаста бірақ. қыз: Мен жайлы жазушы едің өлең талай, Тағдыр сені айырды менен қалай? Сен өмірде болмасаң асылым ау, Сен жайлы естелікті жеңем қалай? Автор: -"Өмір емес, өлімде біргеміз"- деп, Шың басынан құлады төмен қарай!

Теги других блогов: махаббат қайғылы сезім